20 желтоқсан 2020 09:51

Ер адам құны 53,3 миллион теңге болатын тауарды Қазақстанға заңсыз тасымалдаған

© Қаржы мониторингі комитеті

Алматы облысында құны 53,3 миллион теңге болатын тауарды заңсыз тасымалдағандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында құны 53,3 миллион теңге болатын тауарды заңсыз тасымалдағандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері "Экспресс-жүк" ЖШС директорына қатысты Қылмыстық кодекстің 234-бабының 2-бөлігі 4-тармағы ("Аса ірі мөлшердегі экономикалық контрабанда") бойынша "Алтын көл" кеден бекеті арқылы Қытайдан Қазақстанға теміржол контейнерлерімен әкелінген кедендік құны 53,3 миллион теңге болатын декларацияланбаған тұтыну тауарларын кедендік шекара арқылы заңсыз өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Реклама
Реклама


"Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде сот үкімі бойынша айыпталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 234-бабының 2-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мүлкін мемлекет кірісіне тәркілей отырып, 3,7 миллион теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды", - делінген комитеттің хабарламасында.


© Қаржы мониторингі комитеті

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram