Ерасыл Әубәкіровті өлтіру ісі бойынша ұсталғандардың қамау мерзімі ұзарды

Ерасыл Әубәкіров © Instagram.com

Астаналық студент Ерасыл Әубәкіровті өлтіру ісі бойынша ұсталған үш күдіктінің қамаудағы мерзімі үш айға ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана қаласының №2 Алматы аудандық соты медициналық университеттің студенті Ерасыл Әубәкіровті өлтіру ісіндегі үш күдіктінің қамаудағы мерзімін үш айға ұзартты.

Ұсталғандар Мейірбаев, Әжімбай, Тихоненко және Шерстеневтердің ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2 бөлігінің 7-пункті ("Адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған кісі өлтіру") бойынша күдікке ілінгені хабарланып отыр. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, Астанада Медицина Университетінің алтыншы курс студенті, 23 жастағы Ерасыл Әубәкіров 3 ақпанда жоғалып кеткен болатын. Жас жігіттің жоғалып кеткені туралы ақпаратты әлеуметтік желілерге досы Диас жариялаған еді. Әубәкіровтің денесі 10 ақпанда жедел-іздестіру жұмыстарының барысында табылды. Қылмыс жасады деген күдікпен төрт адам ұсталды. Әубәкіров интерн-хирург болған. Студенттің достары оның үздік оқығанын, белсенді болып, қатарластарымен жақсы қарым-қатынаста болғанын атап өтті.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама