Esentai Mall маңында жол апатынан кейін төбелескендер түсініктеме берді

© "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда Esentai Mall ма?ында жол-к?лік о?и?асынан кейін т?белескендер т?сініктеме жазды. Т?белесті бастаушыларды ж?не о?и?аны? м?н-жайын полиция аны?тайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Медеу ауданыны? ІІБ басшысы Болат Тотыбаев?а сілтеме жасап. 

Алматыда Esentai Mall маңында жол-көлік оқиғасынан кейін төбелескендер түсініктеме жазды. Төбелесті бастаушыларды және оқиғаның мән-жайын полиция анықтайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Медеу ауданының ІІБ басшысы Болат Тотыбаевқа сілтеме жасап. 

"Жөл-көлік оқиғасына қатысты материалды Медеу аудандық ІІБ-нің әкімшілік іс-тәжірибе бөлімі тергеп жатыр. Бұзақылық дерегі бөлек қаралады. ҚР ҚК-нің 293-бабы бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Барлығынан жауап алынып, шаралар қолданылады", - дейді Тотыбаев. 

Еске салайық, үш көліктің соқтығысуы жаппай төбелеске ұласқан болатын. 

Реклама
Реклама

Оқиға түнгі уақытта әл-Фараби даңғылының бойында орналасқан Esentai Mall сауда орталығының тұрағында болды.

Алдын ала болжам бойынша, Toyota Camry тұрақтан қозғала бергенде батысқа қарай кетіп бара жатқан Lexus жол талғамайтын көлікпен бетпе-бет соғысқан. Осыдан кейін седан жанында тұрған Mercedes көлігіне соғысады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Camry автомобилінде болған үш адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. 

Жол апатынан кейін жолаушылар мен жүргізушілер арасында жанжал шығып, төбелес болған. Соның салдарынан тағы үш адам ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына келген Бостандық аудандық полиция қызметкерлері төбелеске қатысқан он шақты адамды АІІБ-ге жеткізді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама