Есікте қыз зорлады деген төртінші күдікті 2 айға қамауға алынды

© РИА Новости

Алматы облысты? Е?бекші?аза? ауданды? соты Есіктегі ?ыз зорлау ісіндегі т?ртінші к?діктіні екі ай?а ?амау?а алу туралы шешім шы?арды. Б?л туралы Tengrinews.kz тілшісіне облысты? сотты? баспас?з ?ызметіні? ?кілдері хабарлады.

Алматы облыстық Еңбекшіқазақ аудандық соты Есіктегі қыз зорлау ісіндегі төртінші күдіктіні екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыстық соттың баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады.

1992 жылғы төртінші күдікті 24 тамызда ұсталған болатын. "26 тамызда екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы бойынша ("Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы адам ұрлауы")", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Еске салайық, осыған дейін, 23 тамызда осы іс бойынша қалған үш күдікті 2 айға қамауға алынған болатын. Ал оның алдында осы іске қатысы бар екі әйелді анықтап, ұстау бойынша шаралардың жүріп жатқаны хабарланды. Мұнымен қатар, полиция жәбірленушінің туыстарының құқық қорғау органдарының әрекетсіздігі жайлы шағымын тексеріп жатыр.

Еске салайық, зорланған қыздың туыстары әлеуметтік желілерде оны 14 тамызға қараған түні кафеден бауырымен бірге шыққан сәтінде біреулердің ұрлап әкеткенін хабарлаған еді. Оларға төрт адам шабуылдаған делінеді, екеуі қызды көлікке күштеп отырғызса, тағы екеуі бауырына шабуылдаған. Осыдан кейін бауыры оқиға жайлы туыстарына айтып, кейін олар іздестіріп, қыз жатқан көлікті тауып алған. 

Реклама
Реклама

Полициядағылардың айтуынша, қылмыстық іс материалдарында күдікті ретінде 22-29 жас аралығындағы төрт адам бар. Олардың бірі Алматы қаласының тұрғыны.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама