ПОДЕЛИТЬСЯ
04 тамыз 2020 | 17:30
Есірткі сатумен айналысқан Қапшағай қаласының тұрғыны ұсталды
Есірткі бизнесімен күресушілер есірткі сатумен айналысқан Қапшағай қаласының 33 жастағы тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Есірткі бизнесімен күресушілер есірткі сатумен айналысқан Қапшағай қаласының 33 жастағы тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Қолда бар жедел ақпаратқа сәйкес, фигурантымыз есірткі затын сатумен айналысқан, бірақ өзі қолданбаған. Оның қылмыстық әрекеті жедел және арнайы іс-шаралар барысында ресми түрде тіркеліп, күдікті ұсталды. Ол гашишті басқа тұтынушыға сатуға тырысқан. Алайда полицейлер оның бұл жоспарының алдын алған", - дейді Алматы облысы ПД Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Қазбек Мұхамедов.
Сот сараптамасының зерттеуіне сәйкес, алынған есірткі затының жалпы салмағы 321 грамнан асқан. А. есімді әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеушілер бұл деректі тергеуге кірісіп кетті, ал полицияның жедел бөлімшелерінің өкілдері есірткіні ірі мөлшерде сақтаудың шынайы мотиві мен оның жеткізу арнасын анықтап жатыр.
"Ол ұсталған кезде өз ісін мойындағысы келмеді. Алайда, жауап алу кезінде ол есірткі затын Д. есімді адамға сатқысы келгенін мойындады", - деп толықтырды Қазбек Мұхамедов.
Біршама уақыттан кейін Талдықорған қаласында полиция қызметкерлері бір жарым келіге жуық гашишті сатудың тағы бір дерегінің анықтады. Гашиш брикеттері бар полиэтилен пакетті жедел уәкілдер диванның астынан тапқан. Фигуранттың есірткі заттарын қандай мақсатта сақтағанын тергеу анықталады.
Бүгінде полицейлер Алматы облысына есірткі жеткізу арналарын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін жүргізіп жатыр. Ұсталған екі адамға қатысты аудандық полиция басқармаларында ҚР Қылмыстық кодексі 297-бабының 1-бөлігі "Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау және өткізу", сондай-ақ 296-бабының 4-бөлігі "Есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз сақтау" бойынша қылмыстық істер қозғалды. Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также