ПОДЕЛИТЬСЯ
19 желтоқсан 2019 | 15:46
ЭТҚ арнайы операциясы: Finbet букмекерлік кеңсесі заңсыз жұмыс істеді деген күдік бар
Қаржы мониторингі комитетінің өкілдері Finbet букмекер кеңсесінің әрекеттеріне шектеу қойылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қаржы мониторингі комитетінің өкілдері Finbet букмекер кеңсесінің әрекеттеріне шектеу қойылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижелері бойынша Finbet букмекер кеңсесінің заңсыз әрекеттерінің жолын кесті. Осы ұйымның лауазымды тұлғалары букмекер қызметімен қатар Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз ойын бизнесімен айналысқан. Құмар ойындарға заңсыз ақша қабылдау Алматы, Шымкент, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарында орналасқан 43 мекемеде жүзеге асырылған", - делінген хабарламада.
18 желтоқсанда ауқымды арнайы операция жүргізілді, оның барысында соттың санкциясымен бір мезгілде сегіз өңірде тінту жүргізілді, онда Қаржы мониторингі комитетінің деректері бойынша Finbet букмекер кеңсесі заңсыз ойын қызметін жүзеге асырған.
"Заңсыз қызметтен түскен жыл сайынғы табыс - 3 миллиард теңге. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылар ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел-тергеу шаралары жалғасады", - деп толықтырды комитет өкілдері.
Показать комментарии
Читайте также