19 наурыз 2020 | 19:03

Еуропадан келген қазақстандық карантиннен қашып кеткен

Атырауда аурухана пациенті карантин шарттарын бұзғаны үшін жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырауда аурухана пациенті карантин шарттарын бұзғаны үшін жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Хабарламаға қарағанда, Литвадан келген Қазақстан азаматы Атырау облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде карантинде болған. 18 наурызда түнде карантин режимі талаптарын бұзып, ол екінші қабаттың терезесінен секіріп, мекемеден қашып кеткен.

Реклама
Реклама

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушыға ескерту түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

"Қазіргі уақытта құқық бұзған С. Атырау облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде стационарлық жағдайда дәрігерлердің бақылауында", - деп жазылған сот хабарламасында.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная