GAP қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық тергеу басталды

Иллюстрациялық фото:elements.envato.com

Батыс Қазақстан облысында GAP тұтыну кооперативіне қатысты қылмыстық тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысында GAP тұтыну кооперативіне қатысты қылмыстық тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қаржы мониторингі агенттігі БҚО бойынша аумақтық департаменті GAP (Global Asar Project) тұтыну кооперативіне қатысты "Қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету" бабы бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. 2021 жылы БҚО аумағында активтерді қайта бөлу және бір қатысушыларды басқалардың жарналары есебінен байыту арқылы қаржы пирамидасы құрылған", - делінген агенттік хабарламасында. 

Ведомство хабарына қарағанда, 14 тұрғынға келтірілген шығын - 15 миллион теңге.

Реклама
Реклама

"Қаржы мониторингі агенттігі тағы да халықты сақ болуға және қаржы пирамидаларындағы алаяқтардың айла-амалдарына түспеуге шақырады", - делінген хабарламада. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама