16 қаңтар 2023 | 17:38

Гастроэнтеролог Юрий Шумковты өлтірген күдіктіге үкім шықты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында гастроэнтеролог-дәрігер Юрий Шумковты өлтірді деп айыпталған күдіктіге үкім шықты. Үкімді судья Еркін Майшинов оқыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында гастроэнтеролог-дәрігер Юрий Шумковты өлтірді деп айыпталған күдіктіге үкім шықты. Үкімді судья Еркін Майшинов оқыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шумковтың 36 жастағы науқасы Нұржан Тұрсынбаев барлық айып бойынша кінәлі деп танылып, қатаң режимдегі колонияда 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұған дейін прокурор кісі өлтірді деп айыпталған ер адамды 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Сотталушы Нұржан Тұрсынбаевқа бірден Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айып тағылды:
ҚР ҚК 99-бабы, 2-бөлігі ("Кісі өлтіру");
ҚР ҚК 115-бабы ("Қорқыту");
ҚР ҚК 287-бабы, 2 және 3-бөліктері ("Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру");
ҚР ҚК 291-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы ("Қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу");
380-бап, 1-бөлім ("Билік өкіліне қатысты қатер немесе зорлық-зомбылық").

Реклама
Реклама

Гастроэнтеролог Юрий Шумков 4 сәуірде таңертең Алматыда автотұрақта өлтірілген болатын. Қылмыскер оны мылтықпен атып, қашып кеткен. Кейін ол Шаңырақ шағын ауданында ұсталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная