09 қараша 2021 | 09:43

Гастрольші-ұры ломбард қабырғасын сындырып, 40 миллион теңгенің әшекей бұйымын ұрлаған

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Видеодан кадр

Алматы облысында гастрольші-ұры ломбард қабырғасын сындырып, 40 миллион теңгенің бағалы заттарын ұрлап кеткен. Полицейлер күдіктіні ұстаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында гастрольші-ұры ломбард қабырғасын сындырып, 40 миллион теңгенің бағалы заттарын ұрлап кеткен. Полицейлер күдіктіні ұстаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға қыркүйекте болған. Ломбард иесі полицияға жүгінген. 6 қарашада Алматыда арнайы бөлімше жауынгерлері күдіктіні ұстаған, ол УҰИ-ға қамауға алынды.

"Ол - бұған дейін қарақшылық, тонау және ұрлық секілді қылмыстары үшін бірнеше рет сотталған 36 жастағы Екібастұз қаласының тумасы. Ер адам жалдамалы пәтерлерде тұрып, мекен-жайын жиі өзгерткен", - деп хабарлады ведомстводан.

Реклама
Реклама

Ол жасаған қылмысын мойындап, өзі жасаған арнайы құрылғының көмегімен қабырғаны бұзғанын айтқан. Ұрланған заттарды алыпсатарларға тапсырған. Түскен ақшаға әйелінің көлігін кепілден сатып алып, өзіне де жаңа, қымбат автокөлік сатып алған.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында 19 миллион теңгеге алтын мен гауһар тас ұрлаған гастрольші-ұры ұсталған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная