ПОДЕЛИТЬСЯ
31 желтоқсан 2021 | 08:23
Газдан уланған төрт бала мен ананың өлімі: Түркістанда сот үкімі шықты
Түркістан облысында көмірқышқыл газдан уланған 5 адамның өліміне қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысында көмірқышқыл газдан уланған 5 адамның өліміне қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға биыл ақпанда жекеменшік үйлердің бірінде болған. Әйел мен оның 4 баласы қаза тапты.
Іс материалдарына сәйкес, жәбірленушінің үйінде технологиялық ақау бар газ жабдығы орнатылған. Оның үстіне, оны орнатқан жұмысшылардың біліктілігі болмады. Жалдамалы серіктестік директоры мен оның серіктесіне қатысты жұмысты қауіпсіздік талаптарына сай емес орындау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Барлық істі жеңілдететін мән-жайды, сотталушыларда кәмелетке толмаған балаларының болуын, сондай-ақ материалдық және моральдық зиянды өтеуді ескере отырып, іс бойынша айыпталушылар 4 жылға сотталған. Алайда сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также