Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Генерал Ілиясовтың үкімі өзгеріссіз қалды

19 Наурыз 2014, 14:13
0
Әбдіразақ Ілиясов сот залында. ©Роза Есенқұлова
Әбдіразақ Ілиясов сот залында. ©Роза Есенқұлова
Генерал Әбдіразақ Ілиясовқа қатысты үкім өзгеріссіз қалды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Әскери сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әскери сотта апелляциялық шағым қаралды. Ілиясовпен бірге Шекара қызметінің басқа да бұрынғы қызметкерлері - капитан Ғабдуллин мен аға сержант Есімов те шағым түсірген болатын. Бұлардың бәрінің өтініші қабылданбады. Сотталушылардың адвокаттары бұл шешімге тағы наразылық білдіргелі отыр.

Еске салайық, Ілиясовқа мүлкін тәркілеумен бірге қатаң режимдегі түзеу колониясында 13 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілген болатын. Шекара қызметінің бұрынғы қызметкерлері - генерал Ілиясов, подполковник Елемесов, капитан Ғабдуллин және аға сержант Есімовтер "Пара алу", "Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану", "Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатымен ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оны басқару немесе қатысу" баптары бойынша айыпты деп танылған. Тергеудің мәліметінше, бұлар лауазымды тұлға бола отырып, шетел азаматтарынан бірнеше мәрте ірі көлемдегі пара алған. Шекарашылар "Бейнеу теміржол", "Тәжен авто", "Сырым авто" бекеттерінде ақша бопсалап тұрған. Іс материалдарына сәйкес, сотталғандар алған параның жалпы көлемі - 100 065 507 теңге.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай