ПОДЕЛИТЬСЯ
20 сәуір 2023 | 11:49
Генерал Серік Күдебаевқа қатысты жаңа мәлімет айтылды
ҰҚК Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов қашқын полиция генералы Серік Күдебаевқа қатысты істің жаңа мәліметтерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҰҚК Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов қашқын полиция генералы Серік Күдебаевқа қатысты істің жаңа мәліметтерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҰҚК Шекара қызметі Қырғызстанмен мемлекеттік шекараны кесіп өтуге болатын жерді іздеп жатыр. Алдажұманов Сенат кулуарында оған көмектескендер болуы мүмкін екенін айтты.
"Мүмкін болжам бар, ол тауға кетті делік. Жұмыс жалғасып жатыр. Түсінесіздер ғой ол жерде тау жотасы 672 шақырым ғана. Оның өзі шыққан жерде, тауда, елді мекенде шаруашылығы бар. Негізінде, өткізуге көмектескендер де болуы мүмкін. Біз таулар арқылы шығу нұсқасын қарастырып жатырмыз", - деп түсіндірді Алдажұманов.
Ол Бас прокуратура қылмыстық іс қозғағанын еске салды.
"Қандай ақпарат болса да, мен енді Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сіздерге бере алмаймын. Менің тобым жұмыс істеп жатыр, тергеу жүріп жатыр, тергеу бөлек, ішкі тергеуіміз бөлек. Қырғызстандық әріптестерімізден күтеміз – олар осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Қырғыз Республикасының Бас прокуратурасы жауапты, олар бізге әзірге ақпарат бере алмайды", - деп қосты Ерлан Алдажұманов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также