26 мамыр 2023 10:29

Германиядан адам өлтірді деген күдікті экстрадицияланды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Германиядан адам өлтірді деген күдікті экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германиядан адам өлтірді деген күдікті экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі өзара түсіністік қағидаты бойынша Бас прокуратурасының адам өлтіруге күдікті азаматты ұстап беру туралы сұрау салуын қанағаттандырды.

"Қылмыс 2017 жылы Орал қаласындағы автотұрақ аумағында орын алған, жанжал кезінде күдікті жәбірленушіге 7 рет пышақ жарақатын келтіріп, жәбірленуші соның салдарынан қаза болған", - делінген Бас прокуратура таратқан хабарламада.

Реклама
Реклама

Бұл қылмысты жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, сол себепті оған қатысты халықаралық іздеу жарияланды.

Бүгін Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады.

Жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін ол 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram