15 ақпан 2016 16:32

Германиядан келген ақ ұнтақ транзитпен жіберілген есірткі заты болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі © Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі

Германиядан келген ақ ұнтақ транзитпен жіберілген есірткі заты болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Германиядан келген ақ ұнтақ транзитпен жіберілген есірткі заты болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11 ақпан күні Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің "Жетісу" кеден бекетінің халықаралық пошта жөнелту бөлімінде кезекті кедендік тексеру жүріп жатып, "Рапискан" рентгендік сканер аппаратынан өтіп бара жатқан қорап ішінен ақ ұнтаққа ұқсас зат көрінген. Қорапты жеке алып, қызметтік итті жібергенде, ол қорап ішінде есірткі зат жатқандығы жөнінде күдік білдіреді. Содан кейін бұл қорапты ашып, күдік туғызған ақ ұнтақ физика-химиялық сараптамаға жіберілді. Сонымен қатар, жедел жүргізілген сараптама қорытындысында оның жүйкеге қатты әсер етуші есірткілік препарат - Фенциклидин екені анықталған. Жалпы салмағы 20 келіні құрады. Аталмыш қорап Германиядан транзит процедурасы бойынша Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласына бағытталған екен.

Айта кетейік, баспасөз өкілдерінің мәліметінше, фенциклидин - наркоз беру кезінде күре тамыр арқылы жіберілетін синтетикалық фармакологиялық препарат. "Оны пайдалану адамның психикасына өте қатты әсер ететіні соншалық, пайдаланған адам  көзі қарауытып, маңайындағыларын танымай, шынайы өмірден безушілік қарекетін бастан кешіреді. Препараттың күші адамның бойында 2 сағаттан 24 сағатқа дейін жүреді. Сондықтан да қазіргі уақытта аталмыш препараттың өндірілуі қатаң халықаралық бақылауға алынған", - делінген хабарламада.


© Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі

Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдерінің айтуынша, мұндай есірткілік препараттың ұсталуы халықаралық пошта жөнелту бөліміндегі бірінші жағдай емес. "Атап айтсақ, үстіміздегі жылдың бір айдан астам уақытының өзінде ғана халықаралық почта арқылы осыған ұқсас 12 дерегі ұсталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін экономикалық тергеу қызметінің өндірісіне берілді. Ал 2015 жылы  болса құрамында есірткілік заттар бар препараттарды өткізуге тырысқан 38 дерегі, қару-жарақ пен суық қару  және оның аксессуарларын өткізуге тырысқан 22 дерегі әшкереленді. Бұған қоса, ақпаратты жасырын жолмен алатын бірнеше арнайы техникалық құралдар мен тыйым салынған әдебиеттер ұсталды. Сөйтіп, "Жетісу" кеден бекетінің қызметкерлері еліміздің ұлттық қауіпсіздігін, ел тыныштығын және ұлт денсаулығын қорғау мақсатында қырағылық танытып, қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети