Google-дан жазадан қалай құтылуға болатынын іздеген. Экс-судья Айгүл Сайлыбаева өлтірілген күні не болған?

Google-дан жазадан қалай құтылуға болатынын іздеген. Экс-судья Айгүл Сайлыбаева өлтірілген күні не болған? Фото:depositphotos.com

Германияда қазақстандық бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты істе жантүршігерлік мәліметтер ашылды. Белгілі болғандай, кісі өлімі болған күні Айгүлдің күйеуі Қылмыстық кодекстің кісі өлтіруге қатысты баптарын Google-ден іздеген, ал кейін анасының нұсқауымен марқұмның мойнына формалин болуы мүмкін сұйықтықты еккен, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Германияда қазақстандық бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты істе жантүршігерлік мәліметтер ашылды. Белгілі болғандай, кісі өлімі болған күні Айгүлдің күйеуі Қылмыстық кодекстің кісі өлтіруге қатысты баптарын Google-ден іздеген, ал кейін анасының нұсқауымен марқұмның мойнына формалин болуы мүмкін сұйықтықты еккен, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Енесінің қашуы және Google-дегі күмәнді сұраныс

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, болжамды қылмыстан кейін марқұмның енесі Наталья Донцова Бенсхайм қаласынан шұғыл түрде кетіп қалған.

Жарнама
Жарнама

Оған әуежайға дейін таксиді ұлы Александр (марқұм Айгүлдің күйеуі) өз телефоны арқылы шақырып берген. Сондай-ақ оны көлікке дейін шығарып салған, бұл ақпаратты такси жүргізушісі жауап алу кезінде растады.

Бұл туралы адвокат Жанна Оразбахова"Осторожно: Собчак" YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты.

"Осторожно: Собчак" YouTube-арнасының видеосынан кадр

Кейін әуежайдағы бейнебақылау камераларына Натальяның оң қолы таңулы тұрғаны және оны әрең қозғалтқаны тіркелген. Содан кейін бұл әйел қалада көрінбеген.

"Осторожно: Собчак" YouTube-арнасының видеосынан кадр

Адвокат Жанна Оразбахова енесі әуежайға бара жатқан минуттарда, оның ұлы Александр желіден жауапкершіліктен құтылу әдістері туралы ақпаратты қызу іздегенін атап өтті.

"Такси шақырту мен оның келуі арасындағы уақытта Александр Донцов ұялы телефоны арқылы интернетке кіріп, ГФР Қылмыстық кодексін іздеген. Ол Германия аумағында кісі өлтіргені үшін қандай жауапкершілік қарастырылғанын қараған. Сондай-ақ қандай ұшақтар ұшатыны туралы ақпарат іздеген. Натальяға билеттер Қазақстандағы туроператор арқылы сатып алынған. Тергеу амалдары Александрдың ол кезде Айгүлдің өлі екенін нақты білгенін дәлелдеді", – деді адвокат.

Жоғалған әйелінің орнына анасының жоғалғанын айтып арызданған

Айгүлдің туыстары дабыл қағып, 5 маусымда консулдық арқылы оның жоғалғаны туралы арыз бергенде, неміс полициясы ерлі-зайыптының үйіне барған. 6 маусымда жедел уәкілдер Александр Донцовты пәтерінен тапқан.

Үй іші жинаулы, таза болған, полицейлер қылмыстың айқын іздерін байқамаған. Алайда ер адамның мінез-құлқы өте күмәнді көрінген, дейді марқұмның анасы Шолпан Батқалова.

"Осторожно: Собчак" YouTube-арнасының видеосынан кадр

Марқұмның анасының айтуынша, Александр полицияға әйелінің емес, өз анасының жоғалғанын айтып шағымданған. Ер адам Айгүлдің "үйден жиі кетіп қалатынын" және сол күні анасының да белгісіз бағытқа кетіп қалғанын айтып сендірген. Осы түсініктемелерді алған соң полицейлер кетіп қалған.

Формалин егу: сараптаманы қалай алдамақ болды?

Тергеудің ең қорқынышты тұстарының бірі – анасы мен ұлының арасындағы Наталья кеткеннен кейін табылған хат алмасулар болды. Хабарламаларда әйел ұлына мәйітті не істеу керектігі туралы нақты нұсқаулар беріп отырған.

"Осторожно: Собчак" YouTube-арнасының видеосынан кадр

"Александр мен Наталья арасында ол ұшып кеткеннен кейін жазылған хаттар бар, онда анасы мойын тұсына екпе жасау керектігін жазады. Расында да, мәйітті сою кезінде Айгүлдің мойнынан инъекция іздері табылды. Сот-медициналық сарапшылар бұл заттың формалин болуы мүмкін екенін айтады – медицинада ол мәйіттің ұзақ сақталуы және шіріп кетпеуі үшін қолданылады", – деді Оразбахова.

Қорғаушы тараптың нұсқасы бойынша, Наталья Донцова ұлына мәйітті консервациялау бойынша егжей-тегжейлі нұсқау берген.

Адвокаттың айтуынша, қылмыскерлер чемодан табылған кезде сарапшылар өлімнің нақты уақыты мен мән-жайын анықтай алмайды, осылайша елден ұшып кетіп үлгерген енесінен күдік сейіледі деп есептеген.

Бұрынғы судьяның күйеуі неге қамаудан құтылып кетті?

Александр Донцов 2024 жылдың тамызында Германия аумағынан кедергісіз шығып кеткен. Бұған еуропалық заңнама ерекшеліктері себеп болды.

"ГФР және көптеген посткеңестік ел заңнамасы бойынша, жақын туысы немесе жұбайы үшін қылмысты жасыру қылмыстық жауапкершіліктен босатады. Неміс полициясы оны дәл осы қылмыс іздерін жасырды деп күдіктенді: ол дақтарды жуған, айғақтарды жойған. Бірақ ол мұны анасы үшін жасағандықтан, оған кісі өлтіру айыбы тағылған жоқ және ол елден кетіп қалды. Біз бұнымен мүлдем келіспейміз", – деп түйіндеді Жанна Оразбахова.

Тағы оқыңыз: Басына қышқыл құйып, денесін чемоданға жасырған. Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты жантүршігерлік мәліметтер айтылды

Қазақстандық бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваның өлімі: қылмыстың ықтимал себебі аталды

Айгүл Сайлыбаеваның өлімі

2024 жылғы маусымда Германияда қазақстандық Айгүл Сайлыбаеваның жоғалып кеткені белгілі болды. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 5 маусымда Қазақстанның Франкфурт-на-Майн қаласындағы бас консулдығына Қазақстан азаматтары екі күн бұрын жоғалған қызы бойынша жүгінген.

Кейін жоғалған әйелдің денесі Бенсхайм қаласының маңынан табылғаны туралы ақпарат шықты. Немістің Bild басылымы мәйіттің пластик қапта болғанын, ал әйелдің өлім алдында зорлық көргенін хабарлады.

Германияның құқық қорғау органдары адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Германия Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, Дармштадт қаласының сот шешімімен Сайлыбаеваның енесі Наталья Донцова күдікті деп танылған. Оған Германия бойынша және бүкіл Еуропа аумағында қамауға алу туралы ордер берілген.

Қазақстан ІІМ бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваны азаптау дерегі бойынша тергеуді бастаған. Қазақстанда марқұмның күйеуі мен енесіне іздеу жарияланған.

БАҚ мәліметінше, қазір Наталья Донцова Мәскеуде тұрады. Сондай-ақ онда оның "Жоғары экономика мектебі" ұлттық зерттеу университетінде (ЖЭМ ҰЗУ) жұмыс істейтін ұлы Александр да бар.

Айгүл Сайлыбаеваның отбасы кісі өлтірді деген күдіктілердің сотқа тартылуын талап етіп отыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама