Грузияда қазақстандық “химик“ ерлі-зайыпты ұсталды

Грузияда қазақстандық “химик“ ерлі-зайыпты ұсталды ҚР ҰҚК иллюстрациялық фотосы

Тбилисиде Қазақстанда синтетикалық есірткі өндіру ісі бойынша халықаралық іздеуде жүрген ерлі-зайыпты ұсталды. Операция Қазақстан мен Грузия ІІМ ынтымақтастығы аясында өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz ІІМ-ге сілтеме жасап.

Тбилисиде Қазақстанда синтетикалық есірткі өндіру ісі бойынша халықаралық іздеуде жүрген ерлі-зайыпты ұсталды. Операция Қазақстан мен Грузия ІІМ ынтымақтастығы аясында өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz ІІМ-ге сілтеме жасап.

Тбилисиде кімдер ұсталды?

ІІМ мәліметінше, 2026 жылдың наурызынан бері Грузияда Қазақстан құқық қорғау органдары іздеу салған 15 адам ұсталды.

Жарнама
Жарнама

Олардың қатарында синтетикалық есірткі өндіруді ұйымдастырды деген күдікке ілінген ерлі-зайыпты бар.

Ер адам Қазақстан ІІМ-нің сұрауы бойынша ұсталды. Тергеу мәліметінше, ол 2023 жылдың қазаны мен 2024 жылдың ақпаны аралығында сыбайластарымен бірге Алматы облысында арнайы жабдықталған есірткі зертханасында мефедрон өндіруді ұйымдастырып, химик рөлін атқарған.

Оның жұбайы да Тбилисиде ұсталды. Тергеу нұсқасы бойынша, ол Алматы мен Қарағанды облыстарында синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты қылмыстық әрекеттердің қаржылық сүйемелдеуіне жауап берген.

Қазір құқық қорғау органдары ұсталғандарды Қазақстанға экстрадициялау мәселесін шешіп жатыр.

Қазақстан мен Грузия ІІМ келіссөздері

Күні кеше Қазақстан Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Тбилисиге жұмыс сапарымен барып, Грузия ІІМ басшысы Сулхан Тамазашвилимен келіссөз жүргізді. Сондай-ақ оны Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидзе қабылдады.

Тараптар ұйымдасқан және трансұлттық қылмысқа, есірткі қылмысына, заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл, халықаралық іздеу және кибералаяқтық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ екі елдің күштік құрылымдары арасындағы ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу және кадрлар даярлау мәселелері сөз болды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама