ПОДЕЛИТЬСЯ
09 наурыз 2023 | 12:38
Гүлмира Сатыбалды Қазақстаннан кетпек болған - прокуратура
Айыпталушы Гүлмира Сатыбалды соталды іс жүргізу кезінде Қазақстаннан кетпек болған. Бұл туралы сотта мемлекеттік айыптаушы тарап мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Айыпталушы Гүлмира Сатыбалды соталды іс жүргізу кезінде Қазақстаннан кетпек болған. Бұл туралы сотта мемлекеттік айыптаушы тарап мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада Сарыарқа ауданының №2 сотында кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйеліне қатысты сот процесі басталды. Гүлмира Сатыбалды адам ұрлады және озбырлық жасады деп айыпталып отыр. Екі кәсіпкер бизнесті рейдерлік жолмен басып алу туралы айтты.
Сотталушының адвокаттары бұлтартпау шарасын үйқамаққа өзгертуді және қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.
"Соталды іс жүргізу барысында сотталушы Сатыбалдының шекараны кесіп өтпек болғаны туралы деректер болды, сондықтан бұлтартпау шарасын өзгертуге болмайды деп есептеймін", - деп жауап берді прокурор Альмира Қожахметова.
Прокурордың айтуынша, Гүлмира Сатыбалдыға Қылмыстық кодекстің 389-бабы 4-бөлігі, 389-бабы 3, 28-бөлігі, 3-бөлігі, 125-бабы 2-бөлігі, 1 және 8-тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін айып тағылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также