19 желтоқсан 2019 | 10:15

"Ғылым қоры" экс-төрағасына пара алмақшы болғаны үшін 57 миллион теңге айыппұл салынды

ҚР БҒМ "Ғылым қоры" акционерлік қауымдастықтың бұрынғы төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазин сыбайлас жемқорлық үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР БҒМ "Ғылым қоры" акционерлік қауымдастықтың бұрынғы төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазин сыбайлас жемқорлық үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР БҒМ "Ғылым қоры" АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазинге қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізді", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Ол Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры А.Т. Едрисов үшін ҚР Білім және ғылым министрінің жеке қабылдауын ұйымдастырғаны үшін одан 5 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікке ілінген. 

"Биыл 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласының Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Әнуарбек Сұлтанғазин кінәлі деп танылып, оған 57 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Аталған тұлға өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдар атқару құқығынан айырылды", - делінген хабарламада. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная