ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қазан 2020 | 09:30
Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Қазақстанға депортацияланды
"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасы барысында Қазақстанға Оңтүстік Кореядан бұрын сотталған 35 жастағы астаналық депортацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасы барысында Қазақстанға Оңтүстік Кореядан бұрын сотталған 35 жастағы астаналық депортацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерге алаяқтық жасады деп айып тағылған.
"Осыған дейін ол Lexus 570 көлігін автотұрақтан заңсыз айдап кетіп, оны үшінші адамға сатқан. Осылайша, астаналық автокөлік иесіне 19 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Күдікті жазадан құтылу мақсатында ел аумағынан қашқан. Осы уақытқа дейін ол Оңтүстік Кореяда болған", - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда ол елордадағы уақытша тергеу изоляторына қамалған. Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу жүріп жатыр.
Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің мәліметінше, елордада 26 қазан мен 1 қараша аралығында "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасы жүргізіліп жатыр.
Операция барысында полиция қызметкерлері 40 қылмысты ашқан, 1,5 мыңнан аса әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде 260-тан аса ішімдік ішу фактісі, тыныштықты бұзғаны және ұсақ бұзақылық үшін 231 құқықбұзушы жауапқа тартылған.
Сонымен қатар, шара барысында бұрын жасалған 27 қылмыс ашылған, іздеуде жүрген 9 қылмыскер ұсталған. Екі күн ішінде тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағаны немесе алып жүргені үшін 18 заңсыз иммигрант пен 20 тұрғын ұсталды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также