ПОДЕЛИТЬСЯ
13 желтоқсан 2021 | 19:18
Хаменованың ұсталуы: Әкімдік 145 миллион теңгеге бағаланған Абай ескерткіші туралы пікір білдірді
Атырау облысы әкімдігі облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты тергеуде айтылған Абай ескерткіші туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атырау облысы әкімдігі облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты тергеуде айтылған Абай ескерткіші туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Атырау облысының Мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы мәліметінше, 2018 жылы 5 сәуірде Атырау облысының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия отырысында Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнатуды мақұлдаған. Ұсыныс Мәдениет министрлігіне жолданған, 17 шілдеде оны Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы монументалды өнердің жаңа құрылыстарын орнату жөніндегі комиссия мақұлдады.
Мүсін жобаларына байқау өткізіліп, 2019 жылдың 19 қарашасында қаралған. Облыстық комиссия екі нұсқаны іріктеп алып, 20 қарашада республикалық комиссия мүсінші Нартов Асқар Маратұлының 777888 үлгісін үздік деп таныған.
"Атырау қаласында Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнату үшін Атырау мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі 2021 жылдың 3 қарашасында "Балқыту" ЖШС директоры Өміртай Олжанұлымен 145 миллион 1 теңге 66 тиын тұратын №16 келісімшарт жасасты", - деді мәдениет басқармасы өкілі.
2021 жылы ескерткішті орнатуға 72 миллион 499 мың теңге бөлінген. Бұл сома толығымен игерілді. Қалған сома 2022 жылдың бюджетінен бөлінеді.
Бұған дейін Атырау облысы әкімінің орынбасары мен өңірлік мәдениет басқармасының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталғаны хабарланды.
Кейін Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың ұсталуына қатысты істің мән-жайы белгілі болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также