22 ақпан 2020 13:43

Хромтаудағы атыс: бес адам жаралы

Иллюстрациялық сурет

Хромтауда болған атыстан бес адам жараланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хромтауда болған атыстан бес адам жараланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 20 ақпанда болды. Шамамен сағат 22:10-да Хромтау аудандық орталық ауруханасына жараланған 5 адам келіп түскен.

Реклама
Реклама

Жедел-тергеу тобы құрылды. Бір тәулікте оқиғаға күдікті үш адам анықталып, ұсталды.

Алдын ала тергеу барысында қылмыс жасалғаннан кейін, күдіктілер Хромтау ауданы Бөгенсай ауылының маңында орналасқан Ор өзеніндегі көпірде 16 калибрлі екі аңшы мылтығын жасырған. Дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы "Адам өлтіруге оқталу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram