ПОДЕЛИТЬСЯ
19 шілде 2023 | 12:04
Иесі ұсталған: Алматы облысында айып тұрағындағы көліктен 4,5 миллион теңге жоғалып кеткен
Алматы облысында полиция ғимараты маңында ер адамның көлігінен 4,5 миллион теңге жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысында полиция ғимараты маңында ер адамның көлігінен 4,5 миллион теңге жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Құқық қорғау органдары бұл деректі тексеріп жатқанын растады.
"2 маусымда Қарасай аудандық Полиция басқармасына BMW X7 автокөлігіндегі белгісіз адамдар атыс қаруын заңсыз тасымалдап, сақтауы мүмкін екені туралы хабарлама түсті. Көлікті тексеру барысында 4 500 000 теңге көлемінде ақша болғаны, оны белгісіз біреулер ұрлап алғаны туралы дерек анықталды", - деді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша соталды тергеулердің бірыңғай тізіміне тіркелді.
"Қазіргі уақытта қылмыстық деректі толық және жан-жақты анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деді полиция қызметкерлері.
Ұсталған ер адамның туыстары ақша Қарасай аудандық Полиция басқармасы автотұрағында тұрған кезде көліктен жоғалып кеткенін айтады. Олардың айтуынша, көлік бір айдан аса уақыт сол жерде тұрған және 7 шілдеде эвакуатор көмегімен айып тұрағына қойылған. Дәл сол кезде ірі көлемдегі ақша жоғалды деген дерек анықталған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также