ІІД Алматыдағы Сайын-Райымбек қиылысында ұсталған жігіттер тобы жайлы деректерді айтты

© Tengrinews.kz

Алматыда?ы Сайын-Райымбек ?иылысында ?стал?ан жігіттер тобы ?й тонаушылары болып шы?ты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?алалы? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Алматыдағы Сайын-Райымбек қиылысында ұсталған жігіттер тобы үй тонаушылары болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"10 қыркүйекте бес адам ұсталды. Олардың ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Тонау) бойынша бес эпизодқа қатысы бар. Олар пәтерлер мен үйлерді тонап жүрген. Олардың барлығы Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарынан келгендер. Олар кезекті үйді тонап шыққаннан кейін дереу ұсталды, олардан заттай айғақтар табылды", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД өкілдері.


© Tengrinews.kz

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 10 қыркүйекте Алматыда полиция қызметкерлерінің бірнеше ер адамды ұстағаны жайлы хабарлаған болатын. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, полицейлер жігіттерді жол бойында ұстаған. Ұстау кезінде полицейлердің үш көлігі болған. Осы оқиғаға байланысты Райымбек даңғылының бойында автокөліктердің кептелісі болған. Сонымен қатар полиция қызметкерлері көлік қозғалысын тоқтатып, жолға бөгет қоймаған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама