ІІМ ҰҚК Шекара қызметі Академиясынан тапаншаларды ұрлаған адамның есімі жарияланды

ІІМ ҰҚК Шекара қызметі Академиясынан тапаншаларды ұрлаған адамның есімі жарияланды © Тengrinews.kz

?лтты? ?ауіпсіздік комитетіні? Шекара ?ызметі Академиясынан Макаров 10 тапаншаны ?рла?ан адам?а ?атысты м?ліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Академиясынан Макаров 10 тапаншаны ұрлаған адамға қатысты мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"16 мамырда ұрланған тапаншаларды жедел-тергеу тобының мүшелері ҚР ҰҚК ШҚ академиясында әскери борышын өтеп жүрген ефрейтор, 18.08.1986 жылғы Әліпбеков Бақытжан Нақыпжанұлынан тәркіленді. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 291-бабы, 1-бөлігі ("Қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу") бойынша іс қозғалған", - делінген ҰҚК шекара қызметі академиясының Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында.

Тергеу құпиялылығына байланысты басқа да мәліметтер жарияланбайтыны жазылған.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама