15 қазан 2022 17:04

Instagram-да сілтеме бойынша өткен ақмолалық тұрғын қомақты қаржысынан айырылды

Reuters

Ақмолалық әйел алаяқтардың құрығына түсіп қалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмолалық әйел алаяқтардың құрығына түсіп қалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Интернет-алаяқтардың әрекетінен зардап шеккен Ақмола облысының тұрғынының кезекті өтініші Көкшетау қаласының Полиция басқармасына 11 қазанда келіп түсті. Өтініш берушінің айтуынша, қыркүйекте Instagram әлеуметтік желісінде оның назарын капиталды көбейту және дивидендтер алу мүмкіндігі туралы хабарлама аударған. Аталған сілтеме бойынша өтіп, шағын сауалнаманы толтырған ақмолалық тұрғын бағдарламаға тіркелген, сол мезетте оның телефонына кеңесшіден қоңырау түскен.

Күні бойы алаяқтар өтініш берушіні барлық нұсқауларды орындау және ақша аудару қажет деп сендірген. Әйелде бұл алаяқтар болуы мүмкін деген күдік бірнеше рет пайда болған, алайда адамды сендірудің жоғары қабілетіне ие алаяқтар оны сендіріп, сонымен қатар гипноздағандай болған. Осы бағдарламаның заңдылығы туралы сұрақтарға алаяқтар деректемелері бар құжаттар ұсынған. Талап етілген соманы аудару үшін өтініш беруші депозиттегі жинақтарды пайдаланып, достарынан қарыз алған, сондай-ақ банкте несие рәсімдеген. Алаяқтарға аударылған жалпы сома - 5 миллион теңгеден астам.

Реклама
Реклама

Бұл деректі полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді. Алғашқы тергеу әрекеттері аясында хат-хабарлар, қоңыраулар түскен телефон нөмірлері тәркіленді. Тергеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram