14 қараша 2022 | 13:06

Интернет-алаяқтар кесірінен қазақстандықтар 15 миллиард теңгеден айырылған

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Жыл басынан бері телефон және интернет алаяқтары қазақстандықтарға 15 миллиард теңге шығын келтірген. Бұл туралы ІІМ Киберқылмыспен күрес орталығы басшысының орынбасары Рүстем Дүйсетаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жыл басынан бері телефон және интернет алаяқтары қазақстандықтарға 15 миллиард теңге шығын келтірген. Бұл туралы ІІМ Киберқылмыспен күрес орталығы басшысының орынбасары Рүстем Дүйсетаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өкінішке қарай, киберқылмыс, соның ішінде интернет-пайдаланушыларға қатысты алаяқтық деректері жиілеп кетті. Жыл басынан бері 17,5 мың қылмыс тіркелген, бұл былтырғымен салыстырғанда 1,7 пайызға төмен. Алаяқтардың әрекеті салдарынан азаматтар жыл басынан бері 15 миллиард теңге көлемінде шығынға ұшырады", - деді Дүйсетаев ҚР ІІМ-де өткен брифингте.

Оның айтуынша, онлайн-сауда - алдаудың кең таралған әдісі. Алты айда осындай жолмен 6 мыңға жуық алаяқтық жасалған. Банктер мен микрокредиттік ұйымдарда жалған онлайн несиелерді тіркеудің 2,8 мың фактісі тіркелген. 1400 жағдайда олар әртүрлі жобаларға – инвестицияға, ставкаларға, ойындарға және т.б. ақшаны тиімді инвестициялау деген желеумен жасалған.

Реклама
Реклама

"Фишинг сілтемелерді жіберу арқылы азаматтардың шоттарынан, оның ішінде жеке кабинет құру немесе оған қосылу арқылы 1200 алаяқтық ұрлық жасалды.

Банк қызметкерлері мен құқық қорғау органдары атынан қоңырау шалу арқылы алаяқтық жасау ерекше алаңдаушылық туғызады. Жыл басынан бері осы әдіспен 3 мыңнан аса алаяқтық жасалған. Мұндай жағдайларда алаяқтар абоненттік нөмірді өзгерту үшін арнайы қызметтерді белсенді пайдаланады. Яғни, орнатылған бағдарламаның көмегімен шынайы абоненттік нөмір басқаға ауыстырылады.

Азаматтарды қолда бар мүлкін – пәтерді, көлікті кепілге қоюға немесе сатуға көндіру, түскен ақшаны "сейф" деп аталатын есепшотқа салу жағдайлары тіркелді. Кейінірек олар басқа төлем жүйелері арқылы ақшаны немесе аударымдарды қолма-қол ақшаға айналдыру үшін пайдаланылды", - деді Дүйсетаев.

Ол мұндай қылмыстар 190-баптың 2-бөлігі – "Ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен жасалған бөтеннің мүлкін ұрлау немесе бөтеннің мүлкіне құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу" деп түсіндірді. Онда мүлкін тәркілеумен 4000 АЕК айыппұлдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қылмыстық топпен немесе аса ірі көлемде жасалған жағдайда 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная