Интернет алаяқтардан 1 миллиард теңгеге жуық қаржы қайтарылды

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаев елімізде интернет алаяқтардан 1 миллиард теңгеге жуық ақша қайтарылғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаев елімізде интернет алаяқтардан 1 миллиард теңгеге жуық ақша қайтарылғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Оның айтуынша, былтыр интернет алаяқтықтан келген залал 21 миллиард теңге болған.

"Биыл Қазақстанда 3645 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді. Бұл жалпы қылмыстың - 18 пайызы және барлық алаяқтық дерегінің 43 пайызы. Өңірлерде "Киберпол" мамандандырылған топтары жұмыс істейді. 2023 жылы олар 3,7 мыңнан аса қылмысты ашты. Қазақстандықтарға 850 миллион теңге қайтарылды", - деді Айдос Рысбаев Мәжілісте.

Реклама
Реклама

Министрдің орынбасары интернет алаяқтық жасаған 2 мыңға жуық адам жауапқа тартылғанын атап өтті.

"1891 адам ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 460 адам 2 және одан да көп адамды алдаған. Биыл интернет желісін мониторингтеу барысында Мәдениет және ақпарат министрлігіне бұғаттау үшін 6,1 мың интернет-ресурсқа қатысты ақпарат жіберілді. Оның ішінде алаяқтық белгісі бар 3 мың сайт, есірткі қылмысы бойынша 529 сайт, экстремистік сипаттағы 1,6 мың сайт бар", - деді ол.

ІІМ өкілі интернет алаяқтық шетелде жасалатынын, оны тергеу өте қиын екенін жеткізді.

"Мысалы, 2023 жылдың соңында Астанада алаяқтар жұмыс істеген 4 сall-орталық анықталды. Олардың қызметкерлері тек шетелдік нөмірлерден қоңырау шалған. Сондай-ақ интернет алаяқтық шетелден жасалады. Салдарынан қазақстандықтар зардап шегеді. Мысалы, Украинада Қазақстан азаматтарын алдаған ірі сall-орталық мүшелері ұсталды. Мұндай қылмыстар трансшекаралық сипатқа ие болғандықтан оларды тергеу өте қиын", - деді Айдос Рысбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная