20 тамыз 2020 | 09:44

Интим фото жариялаған үш қазақстандық қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото:elements.envato.com

Ақмола облысының екі тұрғыны мен елордалық қыз порнографиялық материалдар жариялады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысының екі тұрғыны мен елордалық қыз порнографиялық материалдар жариялады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Желіде порнографиялық сипаттағы фотоларды таратқандарды анықтады. Ақмола облысының 23 және 25 жастағы екі тұрғыны, сондай-ақ елорданың 34 жастағы тұрғыны порнографиялық сайттардың біріне тіркеліп, интим сипаттағы суреттерді жариялағаны әшкере болды", - деді полицейлер.

Реклама
Реклама

Ведомство мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабы ("Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная