Интим видеосын таратпау үшін ақтөбелік кәсіпкер бопсалаушыларға 5 миллион теңге төлеген

А?т?беде жергілікті к?сіпкер даяшы ?ызбен жынысты? ?атынас?а т?скені бейнеленген видеоны? тарап кетпеуі ?шін бопсалаушылар?а 5 миллион те?гесі мен ?ымбат к?лігін беруге м?жб?р бол?ан, - деп хабарлайды "Диапазон".

Ақтөбеде жергілікті кәсіпкер даяшы қызбен жыныстық қатынасқа түскені бейнеленген видеоның тарап кетпеуі үшін бопсалаушыларға 5 миллион теңгесі мен қымбат көлігін беруге мәжбүр болған, - деп хабарлайды "Диапазон".

Басылым оқиғаның қашан болғанын нақтыламайды. Кәсіпкерді даяшы қыз өз үйіне шақырған. Қыз онымен бір түнін өткізуге қарсы еместігін білдірген. Тергеу нұсқасы бойынша, кәсіпкер қызбен Кошевой көшесінде кездескен. 

Тергеушілердің мәліметінше, кәсіпкер қызбен жыныстық қатынасқа түскен, осыдан кейін пәтерге даяшы қыздың сыбайластары кіріп келген. Олар кәсіпкерді ұрып-соғып, 100 мың доллар талап еткен. Олар қызбен болған түнді видеоға түсіріп алғанын және Интернетте таратып жіберетінін айтып, "қарызбын және зорлағаным рас" деген қолхат жаздырып алған. Осылайша, ер адам оларға жол талғамайтын көлігі мен 5 миллион теңгесін беріп қойған. 

Реклама
Реклама

Күдіктілер кәсіпкердің автомобилін сатып жатқан кезде ұсталған. Тергеу бойынша, кәсіпкерлерден ақша өндірудің ұйымдастырушысы Аманжол Исмагилов деген тұрғын. "Осы іске ол өз таныстарын және 23 жастағы даяшы қызды тартқан. Қазіргі уақытта бопсалау және бас бостандығынан заңсыз айыру деректері бойынша облыстың төрт адамы - Аманжол Исмагилов, Асхат Кереев, Дамира Нагиева, Галина Шмыковаға қатысты сот ісі өтіп жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама