29 қазан 2021 | 09:13

Инвестициядан көп пайда тапқысы келген алматылықтар 130 миллион теңгесінен айырылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
polisia.kz

Көп ақша тапқысы келген алматылықтар күмәнді жобаға инвестиция салып, қомақты қаржыларынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Көп ақша тапқысы келген алматылықтар күмәнді жобаға инвестиция салып, қомақты қаржыларынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, 10 жәбірленушіге келтірілген жалпы материалдық шығын 130 миллион теңгені құрайды. 51 жастағы М. есімді азаматша ұсталып, ҚР ҚІЖК 128-бабының тәртібімен уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Оның әрекеті ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен сараланған. Сотпен "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкцияланды. Күдікті инвестициялау бойынша ЖШС ашып, оны туысқанына тіркегені анықталды. Әйел туыстары мен достары арқылы адамдарды тарта отырып, оларға ақша түріндегі жәрдемақы алуға уәде беріп, презентациялар жүргізе бастады. Бөтеннің мүлкін өз меншігіне заңсыз және өтеусіз айырбастау мақсатында алдау жолымен жәбірленушілерге салған соманың 10 пайыз мөлшерінде ай сайын дивиденд төлеуге уәде берген. Ниетінің түзу екенін дәлелдеу үшін жәбірленушілермен өз компаниясының атынан жалған инвестициялық келісімдер жасап, олардан қолхат арқылы 500 мыңнан 50 миллион теңгеге дейін ақша алған", – дейді Әуезов АПБ бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная