ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қазан 2021 | 17:42
"Иттен қорыққан": Алматы облысында жүк көлігі оқушыны қағып кетті
Алматы облысында Isuzu жүк көлігінің жүргізушісі сегіз жасар оқушыны қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысында Isuzu жүк көлігінің жүргізушісі сегіз жасар оқушыны қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде қайғылы оқиға орнынан суреттер пайда болды.
Алматы облыстық полиция департаменті жол апатының 8 қазан 13:20-да Есік қаласында болғанын мәлімдеді. Isuzu жүк көлігінің 35 жастағы жүргізушісі Малькеев көшесінің бойымен келе жатып, баланы қағып кеткен. Тротуармен келе жатқан 8 жасар бала иттен қорқып қашып, жолға жүгіріп шыққан.
"Бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігіне сәйкес қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды",- делінген Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также