10 маусым 2020 | 20:12

Жағы мен қабырғасы сынған: шымкенттік әйел оңбай соққыға жығылған

"Не молчи" қорының қызметкерлері Шымкент тұрғыны туралы айтып берді. Оны үйіне жақын жерде қатты ұрып, зорлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Полиция департаментіндегілер жағдайға қатысты пікір білдірді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Не молчи" қорының қызметкерлері Шымкент тұрғыны туралы айтып берді. Оны үйіне жақын жерде қатты ұрып, зорлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Полиция департаментіндегілер жағдайға қатысты пікір білдірді.

"26 мамырда Шымкентте әйелге қатысты қылмыс жасалды. Екі баланың анасы. Кешке үйіне жақын жерде шабуыл жасалған. Оны зорлаған және өлтіргісі келген деген болжам бар. Қатты ұрған, целлофан пакетпен тұншықтырған, мойнында қылғындырған із бар. Тісі сынған, жағы үш жерден сынған, қабырғасы сынған, миы қатты шайқалған. Қылмыскерлер оны есі танғанша аямаған, кейін өлді деп ойлап, үстін ағаштың сабағымен жауып, тастап кеткен. Абырой болғанда әйел аман қалып, таңертең жетіде үйіне жеткен", - деп жазды қордағылар.

Реклама
Реклама

Қор өкілдері зардап шеккен әйелдің фотоларын жариялады.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер іс басшының жеке бақылауында екенін мәлімдеді. Тергеуге байланысты оқиғаның басқа деректері айтылмайды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная