20 қазан 2020 10:27

Жалған долларды өткізген маңғыстаулық 5 жылға сотталды

Фото:elements.envato.com

Маңғыстау ауылының тұрғыны жалған долларды өткізгені үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау ауылының тұрғыны жалған долларды өткізгені үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Маңғыстау ауылының тұрғынына қатысты жалған қаражатты сақтау және өткізу фактісі бойынша қылмыстық іске тергеу жүргізді.

Реклама
Реклама

"Тергеу барысында айыпталушының 2020 жылдың басынан табылған 1500 АҚШ долларының жалған екендігін біле отыра, оның 1000 АҚШ доллары сомасында таныстарына қарызын өтегендігі анықталды. Қалған 500 АҚШ долларын Мұнайлы ауданының, Маңғыстау а. орналасқан "Халық Банк" айырбастау кассасында айырбастамақ болып, сол уақытта ұсталды", - делінген хабарламада.

Маңғыстау облысының Мұнайлы аудандық сотының үкімімен ауыл тұрғыны ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабының 2-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпты болып танылып, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасына тартылды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram