Жалған пәтерді жалға берген астаналық ұсталды

Көрнекі сурет: elements.envato.com

Нұр-Сұлтанда жалған пәтерлерді жалға берген қыз ұсталды. 25 жастағы қыз хабарландырулар сайтында пәтер беру туралы жалған хабарландырулар жариялаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Күдікті өзгелердің хабарландыруын салып, бағасын арзан етіп қойған. Ол клиенттермен телефон арқылы сөйлесіп, алдын ала төлемді электрон әмиянға салу керегін айтқан. Жәбірленушілер ақша жібергеннен кейін алаяқ хабарландыруын өшіріп, ұялы телефонын сөндіріп тастаған. 

"Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыс тық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бүгінде жәбірленушілер саны 13. Алайда олардың саны көп болуы мүмкін. Жалпы шығын - 500 000 теңге", - деді полиция өкілдері. 

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама