ПОДЕЛИТЬСЯ
13 ақпан 2020 | 12:53
Жамбыл облысы әкімі аппаратының мамандандырылған база басшысына айыппұл салынды
Жамбыл облысы әкім аппаратының мамандандырылған база басшысына қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жамбыл облысы әкім аппаратының мамандандырылған база басшысына қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Жамбыл облысы әкімдігінің аппараты мамандандырылған база мемлекеттік мекемесінің төрағасы Қарағұловқа қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. Оған жеке кәсіпкерден алаяқтық жолмен 350 мың теңге көлемінде алып, әскерге шақырылғандарды ыстық тағаммен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік сатып алу келісіміне оң шешім шығармақ болған", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров Нұр-Сұлтанда өткен брифингіде.
Оның айтуынша, 12 ақпанда Тараз қалалық сот үкімімен Қарағұловға 4 миллион 200 мың теңге айыппұл салынды және ол өмірбойына мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.
Показать комментарии
Читайте также