10 тамыз 2021 | 19:54

Жамбыл облысында әкім өз мерейтойына қатысқаны үшін жазаланды

Бақыт Алпысбайұлы. Фото: facebook.com

Жамбыл облысында аудан әкімі өз мерейтойына қатысқаны үшін жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында аудан әкімі өз мерейтойына қатысқаны үшін жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әңгіме Байзақ ауданы әкімі Бақыт Қазанбасов туралы. Мұның алдында әлеуметтік желілерде шенеунік карантин шектеуі кезінде 60 жылдық мерейтойын өткізгені туралы мәлімет жарияланған. Ашық дереккөз мәліметінше, Қазанбасов 1961 жылдың 16 шілдесінде туған.

"Қазанбасов берген түсінік бойынша, мерекелік шараны оның туыстары ұйымдастырған. Аудан әкімі отбасылық той туралы барғанда бірақ білген, құттықтау естіп, үйіне оралған. Оның айтуынша, шараға жақын туыстары ғана қатысқан, 38 адам", - деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

27 шілдеде Қазанбасов әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 87 510 теңге айыппұл арқалаған. Оның үстіне, 3 тамызда Бақыт Қазанбасовқа қатаң сөгіс жарияланған.

Айта кетейік, кейінгі тәулікте Жамбыл облысында тура 100 адам коронавирус жұқтырған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная