ПОДЕЛИТЬСЯ
04 ақпан 2020 | 15:32
Жамбыл облысында басқарма басшысы бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды
Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік басқармасының басшысы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен "Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
"Ол көрсетілмеген қызмет үшін жеке кәсіпкерлік арқылы жүйелі түрде қаржыны аударып, кейін оны қолма-қол ақшаға ауыстыру арқылы, сондай-ақ іс жүзінде жұмыс істемеген тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу және төлеу арқылы бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді. Биыл 1 ақпанда күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді", - делінген хабарламада.
Күдіктінің кінә дәрежесін анықтайтын түпкілікті шешімді сот қабылдайды.
Показать комментарии
Читайте также