Жамбыл облысында білім беру саласындағы бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды

Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon 399
comments icon 0
видео кадры видео кадры

Жамбыл облысында "Жас маман" жобасы шеңберінде бөлінген 171 миллион теңгеден аса сомаға бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігі мәліметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында "Жас маман" жобасы шеңберінде бөлінген 171 миллион теңгеден аса сомаға бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігі мәліметіне сілтеме жасап.

ҚМА Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті Білім беру саласындағы бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

"Департамент қызметкерлері "Жас маман" жобасы шеңберінде бөлінген 171 миллион теңгеден аса сомаға бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Жобаның мақсаты - колледждер мен жоғары оқу орындарын неғұрлым сұранысқа ие 100 кәсіп бойынша жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

ҚМА мәліметінше, қазіргі уақытта қылмыстық іс шеңберінде бірқатар жедел-тергеу іс-шаралары, оның ішінде тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр, олардың нәтижесі шыққаннан кейін қылмыстық іс бойынша процестік шешім қабылданады.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Дина Шарипханова
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная