03 желтоқсан 2020 18:56

Жамбыл облысында букмекерлік кеңседен 773 мың теңге ұрлаған қарақшылар ұсталды

Фото: polisia.kz сайтынан

Жамбылдық полицейлер букмекерлік кеңсеге жасалған қарақшылық шабуылды ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбылдық полицейлер букмекерлік кеңсеге жасалған қарақшылық шабуылды ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Шу ауданындағы букмекерлік кеңселердің біріне қарақшылық шабуыл жасағаны үшін ауданның екі тұрғынын ұстады.

Реклама
Реклама

Жамбыл облысы Шу ауданының ПБ кезекші бөліміне сағат таңғы 04:30-да белгісіз тұлғалардың букмекерлік кеңсеге кіріп, қорқыту арқылы кассирден ақша алып кеткені туралы хабарлама түсті.

Портал мәліметінше, тергеу барысында жігіттердің пластикалық терезені сығымдау арқылы букмекерлік кеңсеге заңсыз кіріп, кассирге белгісіз қару қолдану арқылы қауіп төндіріп, 773 мың теңге көлеміндегі ақшаны иемденгені анықталды. Осыдан кейін олар белгісіз бағытқа қашып кеткен.

Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жамбыл облысының ПД қызметкерлері күдіктілерді анықтап, ұстады. Олар бұрын сотты болған Жамбыл облысының 23 және 24 жастағы тұрғындары болып шықты. Жауап алу барысында ұсталғандар кінәсін мойындады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 192-бабының 3-бөлігімен ("Қарақшылық") сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу амалдары жүргізілуде, ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram