11 наурыз 2020 10:11

Жамбыл облысында ер адам 35 келі есірткімен ұсталды

Жамбыл облысының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданы Төле би ауылының 41 жастағы тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлердің мәліметінше, күдіктінің автокөлігін тексеру барысында пакетке салынған 4 келі 630 грамм гашиш есірткі заты табылды.

Реклама
Реклама

"Тінту кезінде оның тұрғылықты мекенжайынан 12-калибрлі қару және оның 4 оғы, сондай-ақ қоймасынан 30 келі 380 грамм салмақта кептірілген марихуана есірткі заты анықталды. Күдікті кінәсін толық мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram