17 қазан 2022 | 17:54

Жамбыл облысында есірткі саудасымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: polisia.kz/

Жамбыл облысында есірткі саудасымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында есірткі саудасымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өсімдік тектес есірткі құралдарын (марихуана, гашиш) дайындау, тасымалдау және еліміздің басқа өңірлеріне өткізумен (биыл мамырдан бастап) айналысатын Жамбыл облысы Шу ауданының 5 тұрғынынан тұратын қылмыстық топты құрықтады.

"14 қазанда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың барлық қатысушыларын бір мезгілде ұстау жүргізілген. Тінту жүргізу нәтижесінде жалпы салмағы 100 келiден асатын есірткі құралдарының (марихуана және гашиш) ірі партиясы, сондай-ақ Ақсу автоматы және 5,45 мм калибрлі 30-дан аса патрон тәркіленді. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі ("Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу"), ҚР ҚК-ның 296-бабы 4-бөлігі ("Есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу") және ҚР ҚК-ның 287-бабы ("Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") бойынша сотқалды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта ұсталғандардың барлығы ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалған. Бұдан басқа, Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері биылғы жылдың 16 қазанында облыс орталығының аумағында Калашников автоматы, ТОЗ-63 қос ұңғылы аңшылық мылтығы, ИЖ-58 16 калибрлі қос ұңғылы мылтықтың және 5.45 калибрлі 90-нан аса патронның кесіндісі тәркіленген қару-жарақ қоймасын анықтаған.

Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Жалпы, Жамбыл облысы ПД қызметкерлері жыл басынан бері заңсыз айналымнан 605 бірлік атыс қаруын тәркілеген. Оның 376-сы ІІО-нан ұрланған, ал 229 бірлігi өзге де қылмыстық қаруға жатады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная