16 қараша 2022 | 14:11

Жамбыл облысында жалған құжат дайындаумен айналысқандар ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Жамбыл облысында жалған құжат дайындаумен айналысқандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында жалған құжат дайындаумен айналысқандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Жамбыл облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде көлік құралын тіркеудің жалған куәліктерін (техникалық паспорттарды) дайындағаны үшін Шу ауданының Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері және оның сыбайласы - осы мекеменің бұрынғы қызметкері ұсталды.

Реклама
Реклама

Әйел делдал ретінде әрекет еткен. 150 мың теңге көлеміндегі заңсыз ақшалай сыйақы үшін сыбайласымен бірге құжаттарды бұрмалау жолымен жалған техникалық паспорттарды дайындаумен және өткізумен айналысқан.

Тінту барысында күдіктінің атына 8 пластикалық банкомат карточкасы, 41 дайын жалған техникалық паспорт, техника және одан әрі жалған құжаттарды дайындау үшін дайындалған 500 дана пластикалық карточка табылды және тәркіленді.

Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабы 2-бөлігі (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды. Істің басқа да жағдайлары анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная