05 наурыз 2015 13:09

Жамбыл облысында жалған шағым үшін 20-дан астам адам сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©believe.ru ©believe.ru

Жамбыл облысында полицияға жалған шағым түсірген 23 адам сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Жамбыл облысында полицияға жалған шағым түсірген 23 адам сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2014 жылы жалған шағым түсірудің 45, ал осы жылдың 2 айында 16 жағдайы тіркелген. Бұл ҚР жаңа Қылмыстық кодексінің 419-бабында көрсетілген қылмыс саналады және оған қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. 

Өткен жылы тіркелген жағдайлар бойынша барлық 45 іс сотқа берілген. Бүгінде 23 адамға қатысты сот үкімі шықты, олар түрлі мерзімде қылмыстық жаза арқалады. Қалған адамдарға қатысты қылмыстық істер әлі қаралып жатыр.  

Полицейлер жалған шағым түсірушілердің аты-жөнін атауды дұрыс деп есептейді. Себебі олардың кесірінен полицейлердің жұмысына кедергі келді және кейбір адамдарға жала жабылды. "Олардың арасында полицейлердің беделін түсіруге әрекеттенгендер де бар. Мысалға, 1983 жылы туған Асқар Байдосов деген азамат өзінің автокөлігінен мемлекеттік нөмірді заңсыз тәркілегені және ақша бопсалағаны үшін жол-патруль қызметі инспекторларының біріне қатысты шара қолдану туралы арыз жазды. Жүргізілген тергеудің нәтижесінде бұл деректер расталмады, ал жалған шағым түсірген адам 1 жылға шартты түрде сотталды", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі. 

Сол сияқты 1974 жылы туған бір адам Қордай аудандық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкерінің заңсыз әрекеті туралы шағымданды. Тергеу барысында ол азаматтың полицейге жала жапқаны расталды. Жалған шағым түсіруші соттың шешімімен қоныс колонияда 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алды. 

Полицейлердің айтуынша, көп жағдайларда адамдар қаражаттарын жоғалтып алған кезде немесе жұмсап қойған кезде өз кінәсін жасыру үшін ішкі істер органдарына "әлдекімдер тонап кетті немесе ұрлап кетті" деп шағымданады. "Тараздың 1988 жылы туған тұрғыны полицияның екінші бөліміне шағымданып, өзін белгісіз біреулердің тонап кеткенін, ақшасы мен планшетін тартып алып, 166 мың 300 теңге көлемінде материалдық шығын келтіргенін айтты. Тергеу барысында ол азаматтың өзінің бұзақылық әрекеттерін жасыру үшін көпе-көрінеу жалған мәлімет бергені анықталды. Соттың үкімімен ол ҚР ҚК екі бабы бойынша - 257-бабының 3-бөлігі және 351-бабының 1-бөлігімен сотталды", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети