ПОДЕЛИТЬСЯ
13 мамыр 2022 | 08:53
Жамбыл облысында жантүршігерлік оқиға болды: 3-сынып оқушылары зорланған
Жамбыл облысында 3-сынып оқушыларын зорлау оқиғасы тергеліп жатыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жамбыл облысында 3-сынып оқушыларын зорлау оқиғасы тергеліп жатыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, Шу ауданының 30 жастағы тұрғыны тоғыз жастағы екі жеткіншекті ұзақ уақыттан бері зорлап келген. Үшінші сынып оқушыларына азғындық жасады деген күдікті ұсталып, қамауға алынды.
Ал тергеуде анықталғандай, оқиға наурызда қараусыз қалған ғимаратта болған. Оқиға туралы зардап шеккендердің бірінің анасы хабарлады. Оның тоғыз жастағы ұлы ауруханаға түскен, сол кезде дәрігерлер бала ауыр жарақат алғанын анықтаған.
Күдікті балаларды ата-анаңа күш көрсетемін деп қорқытқаны анықталды. Шу ауданының тұрғындары ұсталған ер адам жергілікті мешіттердің бірінде имамның көмекшісі болғанын айтып отыр. Бірақ бас имам бұл деректі жоққа шығарып, қоластында ондай қызметкер мүлдем болмағанын жеткізді.
Кейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Күні кеше Шу ауданында болған сұмдық оқиғаны естіп жүрегіміз сыздады. Сонымен қатар, бұл азғынды мешіт имамының көмекшісі депті жаңалықтарда. Алайда зорлықшы Шу ауданы, Бірлік ауылында 1992 жылы дүниеге келген, еш жерде жұмыс істемейтін ауыл тұрғыны мешітке кейде келіп жүргені болмаса, мешіттің діни рәсімдеріне қатысы жоқ. Жамбыл облысында мешіт қызметкері ретінде тіркелмеген.
Облыстық "Һибатулла Тарази" мешіті БАҚ-тың жоғарыда аталған ауыл тұрғынын мешіт көмекшісі деп айтқаны шындыққа жанаспайтындығын мәлімдейді", - деді ҚМДБ өкілдері.
Басқарма баспасөз қызметі "ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі және міндеттері" құжатында "мешіт көмекшісі" деген лауазым жоқ екенін атап өтті.
Педофил бұған дейін де мектеп оқушыларына азғындық жасады деген болжам бар. Полиция әзірге мәліметтер жарияламады.
"Полиция қызметкерлерімен жедел іздестіру шараларын жүргізгенде Шу ауданының 30 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 12-бабының 4-бөлігімен соталды тергеп-тексеру басталды. Күдіктіге қатысты Шу ауданының соты қамауға алу бұлтартпау шарасын бекітті. Барлық сараптама тағайындалды", - дейді Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также