ПОДЕЛИТЬСЯ
26 маусым 2019 | 10:25
Жамбыл облысында жұмыспен қамту орталығының басшысы миллион теңге жымқырған
Жамбыл облысы Талас аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы коррупциялық қылмыс істегені үшін екі жыл бас бостаныдығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің департаментіне сілтеме жасап.

"Талас аудандық әкімдіктің жұмыспен қамту орталығы" КММ директоры Е. Еркебаевқа қатысты сеніп тапсырылған 1 миллион теңгеге бағаланған тауар-материалдық мүлікті жымқыру бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі аяқталды", - делінген ведомство хабарламасында.
20 маусымда Талас аудандық сотының үкімімен Е. Еркебаев қауіпсіздік деңгейі төмен түзеу мекемесінде жазасын өтеумен 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталған адам өмір бойы мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан айырылған.
Показать комментарии
Читайте также