ПОДЕЛИТЬСЯ
17 қаңтар 2022 | 14:03
Жамбыл облысында қару-жарақ сақталған қойма табылды
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасынан екі шақырым жерде атыс қаруы сақталған қойма табылды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік шекарадан екі шақырым жерде атыс қаруы сақталған қойманы анықтады. Жасырын жерден 4 тапанша мен 6 бірлік йір ойық және тегіс ұңғылы қару түрлері алынды. Осы факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Фото: ҰҚК
Сонымен қатар, 14 қаңтарда "Қордай" автожол бекетінде Қырғызстан азаматы ұсталды. Көліктің жүк салғышын тінту кезінде ер адамда 50 литрлік мөр, 4 халықаралық төлқұжат, 20 банк картасын тапқан.
Ұсталған азамат Қордай ауданы бойынша АІІБ-ға тапсырылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также