ПОДЕЛИТЬСЯ
22 мамыр 2020 | 09:10
Жамбыл облысында шопанның үйінен екі әйелдің денесі табылды
Жамбыл облысында малшы екі әйелді айуандықпен өлтіріп, өзі ізім-қайым жоғалып кеткен, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жамбыл облысында малшы екі әйелді айуандықпен өлтіріп, өзі ізім-қайым жоғалып кеткен, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Оқиға Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Мамай ауылында болған. Шопан таудағы үйде екі адамды өлтіріп тастаған. Бұл жағдайдан шошып қалған ел-жұрттың сөзінше, қаскөй екі әйелді азаптап, артынан бауыздап тастаған. Телеарна мәліметінше, күдікті - Өзбекстан азаматы. Тәртіп сақшылары оны бірнеше күннен бері таба алмай жатыр.
Бұл жағдай бойынша әзірге ресми мәлімет жоқ. Ал ауыл тұрғындарының айтуынша, қанды қылмыс шаруа қожалығында болған. Анығы, қылмыс екі бөлмелі баспананың ішінде Өзбекстан азаматы екі әйелді бауыздап өлтіріп, мәйітті тапшанның астына жасырған. Ал есіктің аузында қара құлып бар. Қожалыққа тиесілі қора-жай қаңырап бос тұр. Қазір бұл маңда мал да, жан да жоқ.
Кәсіпкер қайғылы жағдайдан кейін бәрін көшіріп әкетсе керек. Ауыл тұрғындарының сөзінше, малшы бұл жерде "жалғыз тұрған. Ол екі айдан бері мал бағып жүрген. Ал қайтыс болған әйелдің бірі келесі қожалықта аспаз болып істеген көрінеді. Екінші әйел қонаққа келген құрбысы екен. Бірақ бұлардың бір шақырым жерден күдікті тұратын үйге неге барғаны түсініксіз.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, кісі өлтірген ер адам қылмыс жасағаннан кейін атқа мініп, ауылға қарай бет алған. Бірақ елді мекенге тоқтамай, ары өткен. Сөйтіп темір жолдың жағасына келіп, жылқысын сол жерге байлап кеткен. Өзі ұшты-күйлі жоғалған. Содан бері одан еш хабар жоқ. Ал полиция қызметкерлері қаскөйді бірнеше күннен бері іздестіріп таба алмай жатыр.
"Қазір аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ бірқатар сараптамлар тағайындалды", - дейді Жамбыл облысы ПД тергеу басқармасының аға тергеушісі Әнуар Карипсейтов.
Тәртіп сақшылары тергеу құпиялығына байланысты толық ақпарат бермеді. Белгілісі, қазір күдіктіні жан-жақты іздеу жұмысы жүріп жатыр. Ал күдіктінің 54 жастағы Өзбекстан азаматы екені расталды. Сондай-ақ, қайтыс болған келіншектің бірі 50 жаста, екіншісі 38-де. Бірақ бұлардың отбасы жайында дерек жоқ. Қылмыс Мамай ауылында болғанымен, қаза тапқандар Сарысу ауданның тұрғындары екен.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также