Жамбыл облысында тұрғыннан қару-жарақ арсеналы тәркіленді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Жамбыл облысында тұрғыннан қару-жарақ арсеналы тәркіленді Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінің суреті

Жамбыл облысының тұрғынынан бірнеше қару-жарақ, жауынгерлік автомат тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облысының тұрғынынан бірнеше қару-жарақ, жауынгерлік автомат тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облысы ІІД полиция қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Абай ауылдық округіне қарасты Каменка ауылында 1989 жылы туған тұрғыннан бірнеше қару мен Ақсу-74 маркалы әскери автоматы, 5,45 калибрлі бірнеше патрондар тәркіленгені хабарланды.

Реклама
Реклама

Жамбыл облысы полициясынан алынған суреті

Күдікті өз кінәсін мойындады. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы "Атыс қаруын заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жамбыл облысы полициясынан алынған сурет

Бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында барлық атыс қаруына тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама