18 ақпан 2022 | 10:18

Жамбыл облысында үйінде 60 келіге жуық есірткі сақтаған ер адам ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Жамбыл облысының тұрғыны өз үйінде 60 келіге жуық есірткі сақтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысының тұрғыны өз үйінде 60 келіге жуық есірткі сақтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

16 ақпанда Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шу ауданының 48 жастағы тұрғынын ұстады.

Реклама
Реклама

Күдіктінің үйінің аумағына тінту жүргізу кезінде ауладағы сейфтен ішінде өзіне тән өткір иісті ұсақталған өсімдік тәріздес заты бар қап пен үш полиэтилен пакет алынды. Сондай-ақ, орылған шөптің арасынан каннабисті ұсақтайтын елек табылды.

"Сот-химиялық сараптама нәтижелеріне сәйкес, тәркіленген есірткі заттары - салмағы 16 келі 190 грамм "гашиш" және 39 келі 870 грамды құрайтын "марихуана" болды. Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оған қатысты есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", - деп хабарлады Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Нұржан Рахметуллаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная